Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Азия кубогы: Өзбекстан құрамасы жартылай финалға шықты
21:37 / 2024-01-23

Қатар астанасы Дохада футболдан Азия кубогының топтық кезеңінің 3-ші тур ойындары өтуде. Жарыстың «В» тобынан орын алған Өзбекстан – Австралия және Сирия – Үндістан кездесулері өтті.

Өзбекстан мен Австралия құрамалары арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Матчтың бірінші таймының 45-минутында Бойль пенальтиден гол соғып, Австралияны алға шығарса, екінші таймның 78-минутында Жалолиддин Машарипов берген допты Азиз Турғунбоев қарсылас қақпасына баспен гол соғып, есепті теңестірді. Осылайша матчта басқа гол соғылмады.

Сирия мен Үндістан арасындағы кездесуде 1:0 есебімен аяқталды.

«В» тобында Австралия 7 ұпаймен топ көшбасшысы ретінде, Өзбекстан құрамасы 5 ұпаймен екінші орынмен жартылай финалға жолдама алды. 

Алдағы уақытта 30 қаңтар күні Өзбекстан құрамасы «F» тобында екінші орын алған құрамамен ширек финалға жолдама үшін алаңға шығады.