Азия кубогы U23: Өзбекстан Индонезияны жеңіп, тарихта тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды
Қатарда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі Азия кубогының жартылай финалы аясында Өзбекстанның Олимпиада құрамасы Индонезияны жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды.
Темур Кападзе шәкірттері Парижде өтетін төрт жылдықтың ең танымал спорт жарысына қатысады.
Дохада өткен жартылай финалдық кездесудің бірінші таймында Өзбекстан құрамасында бірнеше мүмкіндік болғанымен, есеп ашылған жоқ.
63-минутта индонезиялықтар есеп ашқанымен, бас төреші VAR тексерісінен кейін офсайд жағдайын жазып, голды есепке алмады.
68-минутта Хусайн Норчаев пен 86 минутта Абдуқодир Хусановтың соққан голдары Өзбекстан құрамасына жеңіс әкелді.
Осылайша Өзбекстанның Олимпиада құрамасы өзбек футболында тарих жазып, Париж-2024 Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Кападзе шәкірттері 3 мамыр күні финалда Ирак-Жапония кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.