Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Азия кубогы U23 турнирінде Сауд Арабиясының жастар құрамасы жеңімпаз болды
22:45 / 2022-06-19

Азия кубогы U23 жастар арасында өткен бәскеде Сауд Арабиясының жастар құрамасы Өзбекстан Олимпиада командасын жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионында өткен финал кездесуінің алғашқы таймы голсыз аяқталып, екінші бөлімнің 49 минутында саудиялық Ал-Гамди есеп ашты. 

Матчтың 70-ші минутында Руслан Жиянов таразы басын теңестірді, бірақ гол есепке алынбады – офсайд. Кездесудің 74-ші минутында қонақ команда ойыншысы Ал-Бурайкан екінші голды соғып Сауд Арабиясы құрамасының жеңісін еселей түсті. Ойынның қалған уақытында гол соғылмады. 

Осылайша Сауд Арабиясы U23 жастар құрамы Азия кубогы жеңімпазы атанды. 

Өзбекстан Олимпиада құрамасы турнирді екінші орынмен аяқтаған болса, 3-орын Жапонияға нісңп еткен.