English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Азия кубогы U-23: Өзбекстан Жапонияны жеңіп, финалға шықты
00:23 / 2022-06-16

23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының екінші жартылай финалында Өзбекстанның Олимпиада құрамасы Жапонияға қарсы ойнда жеңіске жетіп, финалға шықты.

Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионында өткен матчтың алғашқы бөлімі тең аяқталды. Екінші таймның 60-минутында Алматының «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Жасур Жалолиддинов айып алаңының сыртынан супер гол соғып, есеп ашты.

Ойының 89 минутында Хусайн Норчаев есепті 2:0 жағдайына жеткізді. Сонымен Тимур Кападзе шәкірттері финалға жол алды.

Азия Футбол Конфедерациясының шешімімен стадионға өзбек жанкүйерлері кіргізілмеді, десе де алаң сыртында жанкүйерлер аймағы құрылып, 10 мыңнан астам көрермен 90 минут бойы үлкен экран матчты тамашалады.

Еске салар болсақ, 19 маусым күні «Бунёдкор» стадионында Өзбекстан мен Сауд Арабиясы финалдық кездесуін өткізеді.