Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Азия кубогы ойындары 2027 жылы Сауд Арабиясында өтуі мүмкін
14:21 / 2022-12-06

Сауд Арабиясы футболдан 2027 жылғы Азия кубогы ойындарын өз алаңдарында қабылдауы мүмкін.

Азия футбол конфедерациясы (АФК) дүйсенбіде Үндістан федерациясы турнирді өткізу өтінімін қайтарып алғанын хабарлап, Сауд Арабиясы 2027 жылғы Азия кубогын өткізуге жалғыз үміткер екенін мәлімдеді.

Сауд Арабиясы федерациясының (SAFF) ұсынысы келесі жылдың ақпан айында Бахрейнде АФК конгресінде, турнирді қабылдауға өтініш берген жалғыз ұсыныс ретінде қаралады.

2027 жылғы Азия кубогы ойындарын қабылдауға өтініш бергендер қатары алғашында 5 ел болған. Біріншісі – бір жыл бұрын өтінімін қайтарып алған Өзбекстан футбол қауымдастығы, екіншісі – осы жылдың қазан айында ойыннан бас тартқан Иран футбол федерациясы. Кейін 2023 жылғы турнирді өткізу құқығына ие болған Қатар футбол қауымдастығы үміткерлер тізімінен автоматты түрде шығып қалды. Енді дауыс беруге екі ай қалғанда Үндістан футболының басшылығы да бұл идеядан бас тартты.