Азия Кубогы: Футболдан әйелдер арасындағы жарыстың жеребесі тартылды
2026 жылдың 1–21 наурызы аралығында футболдан әйелдер арасындағы «AFC Women’s Asian Cup Australia-2026» Азия Кубогы өтеді.
Аталған турнирдің қатысушыларын анықтау үшін іріктеу ойындарының жеребесі тартылып, нәтижесінде Өзбекстан әйелдер құрамасы «F» тобына түсті. Бұл топта Непал, Лаос және Шри-Ланка құрамалары бар.
Іріктеу кезеңіндегі ойындар 2024 жылдың 23 маусымы мен 5 шілдесі аралығында Өзбекстанда өтетін болады.