Азия кубогы-2023: Өзбекстан құрамасы Шри-Ланканы ірі есеппен жеңді
Футболдан Азия кубогы-2023 іріктеу ойындары кезеңінде Өзбекстан құрамасы Шри-Ланкамен ойнады.
8 маусым күні Сречко Катанец шәкірттері Шри-Ланка құрамасын 3:0 есебінде ұтып, алғашқы кездесуді жеңіспен бастады.
Кездесудің 36-минутында Жалолиддин Машарипов айып добын сәтті пайдаланып, есеп ашты. Бірінші таймның қалған минуттарында гол соғылмады. Екінші таймның басында Достон Хамдамов те айып добын голғас айналдырды. 60-минутта Фаррух Сайфиев айып алаңындағы оңтайлы сәтті пайдаланып Өзбекстан құрамасының үшінші голын соқты.
Өзбекстан құрамасы екінші турда 11 маусым күні Мальдив құрамасымен ойнайды.