Азия кубогы-2023 топтық кезеңінің жеребесі тартылды
Бейсенбі, 11 мамырда футболдан Азия кубогы-2023 жарысының топтық кезеңінің жеребесі тартылды.
Азия кубогы-2023 жарысы 2024 жылдың 12 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Қатарда өтеді. Бастапқыда бұл жарыс 2023 жылдың маусым және шілде айларында Қытайда өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда коронавирустық пандемияға байланысты Қытай турнирді өткізуден бас тартты.
Сонымен жеребе қорытындысы мынадай болды:
А тобы
- Қатар
- Қытай
- Тәжікстан
- Ливан
В тобы
- Австралия
- Өзбекстан
- Сирия
- Үндістан
С тобы
- Иран
- БАӘ
- Гонконг
- Палестина
D тобы
- Жапония
- Индонезия
- Ирак
- Вьетнам
Е тобы
- Оңтүстік Корея
- Малайзия
- Иордания
- Бахрейн
F тобы
- Сауд Арабиясы
- Тайланд
- Қырғызстан
- Оман
