Азия даму банкі Өзбекстандағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 100 миллион доллар бөледі
Жоба COVID-19-ға қарсы тиімді жауап беру жүйесін, сонымен қатар тестілеуді жетілдіруді көздейді
Азия даму банкі (АДБ) Өзбекстанның денсаулық сақтау жүйесінің төтенше жағдайларға, оның ішінде коронавирустық пандемияға қарсы тұрақтылығын арттыру үшін 100 миллион долларлық несиені мақұлдады деп хабарлайды банк сайтында.
Жоба COVID-19-ға қарсы тиімді жауап беру (диагностика және реакция) жүйесін, сонымен қатар тестілеуді жетілдіруді көздейді.
«COVID-19 пандемия - бұл дамып келе жатқан эпидемиологиялық сценарий және емдеу тәсілдері бар төтенше жағдай. Денсаулық сақтау жүйесінің сапасын, қауіпсіздік стандарттарын, хаттамаларын және қызметтерін жақсарту арқылы бұл жоба Өзбекстан халқын COVID-19 және болашақта денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерден қорғауға көмектеседі», - деген АДБ вице-президенті Шисин Чен.
Бұл жоба АДБ тарапынан елге бөлінген кешенді қолдауының бөлігі болып табылады, бұдан бөлек үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары мен ағымдағы техникалық көмек үшін 500 миллион доллар көлеміндегі қарызды қамтитыны айтылған.
Сонымен қатар, Азия инфрақұрылымдық инвестициялық банкі (AIIB) жобаға 100 миллион доллар, ал Өзбекстан үкіметі қосымша 57 миллион доллар береді.
Атаулы жоба аясында бүкіл ел бойынша 38 зертханаларда медициналық қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыруды, оларды жеке қорғаныс және басқа да медициналық заттармен қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Мұнда 80% -дан астамын әйелдер құрайтын медициналық қызметкерлер мен инфекция жұқтыру қаупі жоғары мекемелердің қызметкерлеріне диагностикалық қызметтерді пайдалануына басымдық берілетін болады.