Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Азия даму банкі Өзбекстанға 500 миллион доллар беретін болды
15:30 / 2020-06-25

Орталық банк соңғы дергіне назар аударсақ 2020 жыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстанның сыртқы қарызы 25,1 млрд долларға жеткен.


Азия даму банкінің директорлар кеңесі Өзбекстан Республикасына 500 миллион АҚШ доллары көлемінде жеңілдетілген несие бөлуді мақұлдады.

Өзбекстан Қаржы министрлігінің хабарына сай, Азия даму банкінің директорлар кеңесі 2020 жылдың 25 маусымында Өзбекстан Республикасына 500 миллион АҚШ доллары көлемінде жеңілдетілген несие беруді бірауыздан мақұлдаған және бұл қаражат коронавирус пандемиясының ел экономикасына жеткізген теріс әсерін азайтуға арналған.

Азиялық Даму Банкінің несиесін бергенге дейін елдегі макроэкономикалық жағдай, оның ішінде мемлекеттік қарызға қызмет көрсету тәуекелі зерттеліп, талдау нәтижелері бойынша АДБ республиканың мемлекеттік қарызын тұрақты және тәуекелдердің деңгейі төмен деп баға берген.

Орталық банк соңғы дерктеріне назар аударсақ 2020 жыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстанның сыртқы қарызы 25,1 млрд долларға жеткен.