Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті елдің басты басылымының 100 жылдығымен құттықтады
15:10 / 2019-11-21

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтуде


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті құттықтауын ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев оқып берген.

«Еліміздің жетекші басылымы, қазақ баспасөзінің қара шаңырағы - «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойы құтты болсын! Бір ғасыр бұрын «Ұшқын« деген атпен шыға бастап, уақыт өте ұлттық басылымға айналған Тәуелсіз Қазақстанның аға газеті өз парақтарында тарих тағылымын дәуір үнімен, уақыт сынымен бейнелеп, кешегі мен бүгіннің арасын жалғап келеді. Жаңалықты жұртшылыққа жедел әрі шынайы түрде жеткізіп, егемен еліміздің мемлекеттік саясатын қалың оқырман арасында байыпты насихаттап, ел шежіресін қағазға хаттаған байырғы басылымның беделі әр дайым биік», - деп атап өтеді ҚР Тұңғыш Президенті.

Тұңғыш Президенттің құттықтау хатында ұлт мүддесі жолында еңбек еткен талай тұғырлы тұлғалар басшылық жасап, алыптар негізін салған дәстүрді абыроймен жалғастырған «Egemen Qazaqstan» қазіргі заман талабына сай жаңғырып, ғасырлық туын жаңа жетістіктермен, толайым табыстармен қарсы алып отырғандығына баса назар аударған.

1911211158417920f.jpg

1911211158417921f.jpg