Қазақстанның «Фолиант» баспасы кітаптары Ташкенттік оқырман назарында
Көрмеге Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Ресей, Түркия сынды елдері мен жалпы 18 шетелдік және 30-дан астам жергілікті баспа мен кітап сауда ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Бүгін Ташкент қаласының «Узэкспоцент» көрме орталығында Халықаралық «Tashkent Book Fest» атты кітап көрмесі өз жұмысын бастады.
Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпараттық және бұқаралық коммуникациялар агенттігі және жауапты министрліктер мен ведомстволар бірлесіп ұйымдастырған шараға Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Ресей, Түркия сынды елдер мен жалпы 18 шетелдік және 30-дан астам жергілікті баспа мен кітап сауда ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Халықаралық көрмеге Қазақстан атынын Нұр-Сұлтан қаласының «Фолиант» баспасы қатысып, онда баспа көркемдік жетекшілері қатарында Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлыда қатысып жатыр.
«Tashkent Book Fest» атты кітап көрмесі 4-ші қазанға дейін жалғасады.











Нұрғиса Камалбек
Суреттерді түсірген А. Нишанбай