Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның барлық әуежайлары ішкі рейстер қатнауын 25 мамырдан қайта жолға қояды
14:22 / 2020-05-22

Қазірге дейін 13 қала арасында ішкі рейстік қатынаулар жолға қойылған


Қазақстанның барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырдан бастап қалпына келтіріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Хабада айтылуынша «Елдегі барлық әуежайлар жұмыс істей бастайды, ал әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес белгілейтін болады. «Ұшақтар Көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтай отырып, яғни жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, сенсор термометр арқылы дене қызуын өлшеу, әлеуметтік қашықтықты сақтай тұрып ұшады және әуежайлар мен ұшақтарда күшейтілген залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі», делінген хабарламада.

Қазіргі уақтта Қазақстанның бірнеше қалаларында әуе рейстері жолға қойылған болап олар арасында 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында, 5 мамырдан Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылорда, 11 мамырдан Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай қалалары арасында әуе рейстерінің қатнауы жолға қойылған.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты мемлекеттік комиссияның шешімімен 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 рейс және ішкі рейстерде 45 бағыт бойынша апталық 540 тұрақты рейс тоқтатылған болатын.