Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстаннан Өзбекстанға Достық керуені жолға шықты
14:10 / 2019-10-10

Өзбекстанға бет алған керуен мүшелері 10-12 қазан аралығында Ташкенттегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Төле би бабамыздың мазаратына зиярат етеді.


Бүгін Қазақстанның оңтүстігі Шымкент қаласынан Өзбекстан Республикасына «Достық керуені» жолға шықты, деп хабарлайды Қазақстанның мемлекеттік "ҚазАқпарат" сайты.

Құрамында ассамблея мүшелері мен зиялы қауым өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдері бар керуен Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан интернационалды мәдени орталығының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында сапарлап қайтпақ.

Керуенді шығарып салу рәсімінде қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов пен SILKWAY халықаралық университетінің президенті Мадияр Юнусов сөз сөйлеп, іс-шара бауырлас екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтты. Өзбекстанға бет алған керуен мүшелері 10-12 қазан аралығында Ташкенттегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Төле би бабамыздың мазаратына зиярат етеді. Әрі қарай Самарқандтағы Әмір Темір және Жалаңтөс баһадүрдің, Бұхарадағы Бахауддин Накшбандидің кесенесімен таныспақ.

Сонымен қатар, «Достық керуенінің» мүшелері Өзбекстан интернационалды мәдени орталығы мен Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығында болып, ондағы қазақ жастарымен кездеседі деп күтілуде.