Қазақстандық саяхатшы қыз Хиуа жайында: «Бұл сіз армандаған мекен»
Қазақстанның «АвтоМир» журналының бас редакторы және белсенді блогер Елена Никитенко өзінің жеке көлігімен биылғы жазды Өзбекстанға саяхаттаудан бастаған.
«Өзбекстан - сіз әрқашан барғыңыз келетін ел. Маған ондағы ежелгі сәулет өнерінің қайталанбас туындылары мен ескерткіштері, таңғажайып керемет дәмді тағамдары немесе жәй ғана Алматыдан бір жыл бойына кетуге деген ұмтылмас тілек мені қатты қызықтыратынын түсіндіру қиынға соғады ... Бірақ қалай болғанда да, бәрібір бұл жаз Өзбекстанмен танысудан басталды»,- деп басталар мақала авторы, Қазақстанның «АвтоМир» журналының бас редакторы және белсенді блогер Елена Никитенко өзінің жеке көлігімен биылғы жазды Өзбекстанға саяхаттаудан бастаған.

Дүние жүзін өз көлігімен кезіп саяхаттаушы жиханкездер,(жасы немесе кәрісі болсын) көргендері мен ондағы алған әсерін өз отандастарына жеткізіп көпшілікпен бөліскенді қалайды. Сол секілді жиханкез жандар қатарында Еленада өзінің кезектегі Алматыдан басталған саяхатын Өзбекстанның ертек сынды ескі қаласы Хиуа шаһарындағы көрген білгені мен қоса алған әсерін өзінің жеке «Путешествие в Узбекистан: закатное золото и колдовские чары Хивы» атты мақаласында бөліскен.
Қазіргі таңда интернет оқырманын көп жазбалар жалықтыратынын жақсы білетін блогерлер, өздері саяхаттап барған жерлер жайында қызықты әрі қысқа мәліметпен қайырып есесіне фотоаппаратына түсірген сәтті суреттерімен бөліскенді жөн көреді. Өйткені сөз бен жеткізіп бере алмайтын кейбір тұстарын суреттер сөйлеп тұратынын жақсы білген Елена Никитенкода Хиуа шаһары мен «Ішкі қаласындағы» түнгі таңғажайыптары, оған барар жолдағы алған әсерін сөзбен жеткізіп болмас кескіндерді фото суреттер арқылы бейнелеп өз оқырмандарына ұсынған екен.

















