Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандық белгілі журналист Бейсен Құранбек өмірден өтті
13:08 / 2020-05-18

Өзбекстандағы қазақ қауымға «Қазақстан» ұлттық арнасында эфирге шығатын «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламасы жүргізушісі ретінде таныс болған...


Шетелдегі (Өзбекстандағы) қазақ қауымға «Қазақстан» ұлттық арнасында эфирге шығатын «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламасы жүргізушісі ретінде таныс болған қазақстандық белгілі журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шақта өмірден озды. 

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы «Кербұлақ» ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген болып, Қазақ білім ордаларының қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Өзінің журналист ретінде алғашқы еңбек жолын елдегі республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып отандық «Рахат», «31 арна», «Хабар», «Қазақстан», «Жетісу»(2014 жыл бас директоры) арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

Қазақтың маңдайына біткен өр тұлғаның отбасына, жақын-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.