Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстандық авиакомпания Ақтау - Үргенш - Ақтау бағытында тұрақты рейстерін орындайды
09:49 / 2020-10-06

Қазақстанның әуе нарығындағы «SCAT» компаниясы Ақтау - Үргенш - Ақтау бағыты бойынша тұрақты рейстер орындауға рұқсат алды


Қазақстанның әуе нарығындағы «SCAT» компаниясы Ақтау - Үргенш - Ақтау бағыты бойынша тұрақты рейстер орындауға рұқсат алды.

Өзбекстан Көлік министрлігінің ақпарат қызметінің хабарлауынша, «SCAT» компаниясы Үргеншке бағытталған ұшулар үшін 2 қазаннан бастап рұқсат алған. Ал бұған дейін осынау әуежай 1 тамыздан «Ашық аспан» режиміне ауысқан болатын.

Еске салар болсақ, қараша айынан бастап «Air Arabia» әуе компаниясы Ташкентке тікелей рейс ашатыны хабарланған болатын. Компания сайтындағы мәліметке сай, «Шарджа-Ташкент» бағытындағы алғашқы рейс 4 қарашада орындалатын болып, билет бағасы 200 доллардан 246 долларға дейін.