Қазақстанда тірі мал эспортына тыйым салынды
Оған елдегі ет өнімдерінің бағасының артуы мен мал басының азайюы себеп болған
Қазақстанда тірі малдың экспортына тыйым салынды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Онда, өткен жылы Қазақстаннан шетелге 156 мың бас ірі қара мал шығарылған. Бұл ретте, басым көпшілігі – 121,6 мың бас немесе 78% Өзбекстан Республикасына, тағы 14% Армения еліне экспортталған.
Сондай-ақ, елден 264 мың бас қой сатылған болып, оның жартысынан астамы аналық мал. Ұсақ мүйізді малдың басым бөлігі, яғни 200 мыңнан астамы (76%) Өзбекстан мемлекетіне, 21,5 мың бас (8,1%) Ресей Федерациясына, 18 мың бас (6,7%) Әзербайжанға және шамамен 12 мың бас (4,5%) Иранға тасымалданған. Тірі малдың жаппай экспорты ет өнімдері бағасының өсуіне негіз болып,. қалыптасқан жағдай қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдары жүктемесінің төмендеуіне алып келді. Орташа алғанда, 2019 жылы қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары өз қуатын толық пайдалана алмаған. Олардың толық жұмыс істемеуінің негізгі себебі тірі малдың жаппай экспортының салдарынан шикізат тапшылығы болған.
Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және ҚР АШМ-да қайта өңделген өнім экспортын 2,5 есеге арттыру міндеті тұрғандықтан, сонымен қатар бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарының өтініштеріне сәйкес ірі қара мал мен ұсақ мүйізді малдың жыныстық-жастық топтары бойынша тірідей басын өзге елдерге шығаруға (экспорттауға) толық тыйым салынған, -делінеді хабарда.