Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев монументі ашылды
18:12 / 2020-07-03

Онда Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев монументтің ашылу салтанатына онлайн режимде қатысқан


Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған монумент ашылды, деп хабарлайды «Аkorda» сайты.

Онда Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев монументтің ашылу салтанатына онлайн режимде қатысқан және өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның негізін қалағанын, егемен Қазақстанның стратегиялық даму жолын айқындап, халқты ортақ мақсатқа жұмылдырғанын атап өтіп, «Тұрақтылық пен татулық, береке мен бірлік – Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Кез келген мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар бар. Олардың сіңірген еңбегін бағалай білу және жан-жақты дәріптеу – өскелең ұрпақтың парызы», деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің айтуынша, Қазақстанның Қарулы Күштері Тұңғыш Президенттің Жарлығымен құрылғандықтан, бұл монументтің Ұлттық қорғаныс университетінде орнатылуының символдық мәні зор.