English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда төтенше жағдай сәуірдің соңына дейін жалғаспақ
23:57 / 2020-04-10

Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 812 кісіге жеткен


Қазақстанда COVID-19 індетіне байланысты елдегі жарияланған төтенше жағдай сәуірдің соңына дейін жалғаспақ. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияның отырысында айтты, деп мәлімдеген ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Fаcebook-тегі парақшасында.

Хабарда айтылуынша атаулы жиында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты.
"15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен аурудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы" - деп айтқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сoronavirus2020.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сай қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 812 кісіге жеткен. 64 жан аурудан сауығып, 10 кісі көз жұмған. Науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тіркелген.