Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды
Бірақ елдің ейбір аймақтарында дерттің таралуы бәсеңдемей тұруына байланысты карантиндік шектеулер біртіндеп алынады
Коронавирусқа байланысты Қазақстанда жарияланған төтенше режим мерзімі бүгін аяталды. Бұл жөнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында мәлімдегені туралы баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жариялаған.
Онда айтылуынша «Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" – деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сoronavirus2020.kz ресми ақпараттың сайтыныдағы дерекке сай қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5138-ге жеткен. Олар арасынан 1941 жан сауығып, 31 кісі қаза тапқан.