Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды
12:32 / 2020-04-27

Қазақ елінің басшысы ТЖ байланысты мәлімдеме жасады


Қазақстан Репсубликасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі төтенше жағдайға байланысты кезекті мәлімдемесі жарияланды.

Ақорда сайтында жарияланған ресми Президент мәлімдемесінде: «Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады» деген.

Сондай-ақ, ел тұрғындарының келесі айда да жалақысынан айырылғандарға ақшалай көмек беретіні айтылып, салыстырмалы түрде елдегі жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болады. Бірақ ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар ашылмайды. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді. Қазақ елінің басшысы бұл шараларға ел тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырған. 

Сонымен қатар, алдағы мамыр айындағы мерекелер ТЖ мерзіміне тура келгендіктен оны үйде атап өтуге тура келетіні айтылып, Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлер барлығы елеусіз қалмайтыны белгіленген.

Сoronavirus2020.kz сайтындағы ақпаратқа сай қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустық аурулардың расталған жағдайы 2791 кісіге жетіп, олардың 682 аурудан жазылған. Ал 25 кісі қаза болған.