French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда төтенше жағдай мерзімі 1 мамырға дейін ұзартылды
18:56 / 2020-04-14

Атаулы Жарлық қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді


Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай мерзімін 1 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Атаулы Жарлыққа сай 2020 жыл 15 наурызда жарияланған ел аумағындағы төтенше жағдай мерзімі осы жылдың 1 мамыр сағат 07:00ге дейін ұзартылғаны айтылған.

Сондай-ақ, Жарлық қол қойылған күннен бастап өз күшіне еніп, Қазақ елінің Үкіметі орталық және жергілікті органдармен бірлесіп, атаулы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдауы көрсетілген.