Қазақстанда президенттікке үміткер бірінші кандидат тіркелді
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке үміткер ретінде тіркеді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке үміткер ретінде тіркеді.
«Мамыр айының 3-і күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы президенттікке үміткер ретінде тіркелді» - делінген Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Хабарламаға сәйкес, «Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға 315 мың қол жиналды. Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың бәрі талаптарға сай келеді», - деп мәлімдеген.
Еске сала кетсек, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жыл маусым айының 9-ы күні өтеді. Заң бойынша, үміткерлер сайлауға қатыспас бұрын 118 мың адамның қолын жинауы тиіс.