Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда полиция киімін киіп, той қонақтарын қорқытқан асаба жазаланады
15:32 / 2020-10-16

Қазақстанның Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында өткен мерекелік іс-шарада азамат полиция киімінде келіп, шараға келген қонақтарды қорқытқан


Қазақстанның Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында өткен мерекелік іс-шарада азамат полиция киімінде келіп, шараға келген қонақтарды қорқытқан. Осы жағдайды зерттеген Қарағанды облысы ПД басшылығы, полицей рөлінде тойды тексеруге келген жан асаба екенін анықтаған.

«ҚазАқпарат» тілшісінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары полиция формасын киген адамның асаба екенін анықтаған.

«Полиция әрқашан әзілге, пародияға және сындарлы сынға оң көзбен қарайды. Бірақ мұндай видеолар ішкі істер органдарының санитарлық дәрігерлермен бірге карантинді бұзудың алдын алып, коронавирустың таралуына тосқауыл болуға тырысқан қызметкерлерінің күш-жігерін төмендетеді. Осылайша, тамада полиция қызметкерлерінің беделін түсіріп, той ұйымдастырушының құқық бұзуына ықпал етті деп санаймыз. Белгіленген ережелер мен шектеулерді сақтау - өте маңызды. Ал отбасылық шараларды айналасындағыларға қауіп төндірмей, аз адаммен ғана өткізуге болады», - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК 675-бабы бойынша жалған полицейлік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралып жатыр.