Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда медицина мамандарының жалақысы өседі
18:53 / 2020-05-27

Қасым-Жомарт Тоқаев: дәрігердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек


Қазақстандық дәрігердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Хабарда айтылуынша «Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін шын мәнінде ауыр сынақ болды. Бұл ахуал елімізде кәсіби дәрігердің тапшы екендігін анық аңғартты. Бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқығының қорғалмауы себеп болып отыр. Түрлі сала мамандары ішінде ең төмен жалақыны дәігерлер алады. Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет. Осы күрделі кезеңде баршамыз медицина мамандарының қажырлы еңбегіне куә болдық», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырған.