Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жыл 10 қаңтарда өтеді
12:19 / 2020-10-21

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды


Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

«Аkorda.kz» сайтының хабарлауынша, Қазақ елінің Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес Президент қаулы еткен. Онда:

1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын.

2. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын.

3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырсын.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, -делінген хабарда.