Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті
Қазіргі уақытта ел аумағында төтенше жағдай жарияланған
Жер бетіндегі тіршілік иесіне қауіп төндірген тәжінетін жұқтырғандар Қазақстанда 13 адамға жетті деп хабарлайды ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі.
Хабарда айтылуынша, 17 наурыз жергілікті уақытпен сағат 09:00де Қазақсатанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш азамат анықталған. Олардың үшеуіде Алматы қаласында тіркелген болып, жалпы ел аумағында осы індетпен ауырғандар 13-ке жеттІ. Олрдың 11-і Алматы қаласында қалған екеуі Нұр-Сұлтан қаласында анықталған.
Қазіргі уақытта ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, барлық ЖОО қашықтықтан білім беруге көшіп, мектептерде демалыс жарияланып уақытша жабылған. Сондай-ақ кинотеатрлар мен театрлар және ойын-сауық орталықтары өз жұмысын тоқтатты.