Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 32-ге жетті. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин жарияланды
Бұл жағдай COVID-19 коронавирусының Қазақстанның басқа қалаларына таралуына жол бермеу мақсатында жасалған
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 32-ге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің ресми фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Хабарда айтылуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны Алматыда 15, Нұр-Сұлтан қаласында 17 адам болып, жалпы, 32 адамға жеткен.
Осы жағдайға орай Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөнінде жиын өтіп, онда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 19 наурызы сағат 00:00 ден бастап карантин енгізу туралы шешім қабылданған.