Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 100 мыңнан асты
14:05 / 2020-08-11

Бүгінге дейін 73 702 азамат інеттен сауығып шыққан болса, 1269 науқас көз жұмған


Қазақстандағы коронавирусқа байланысты жағдай бойынша ресми ақпараттық арна «Сoronavirus2020.kz» сайтында жарияланған мәліметке сай қазірде ел аумағында 100 164 азамат інден жұқтырғаны расталған.

Бүгінге дейін 73 702 азамат інеттен сауығып шыққан болса, 1269 науқас көз жұмған.

Осы кезге дейінгі коронавирустық ахуал жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында түсініктеме беріп Қазақстан ПТР диагностикамен қамту бойынша әлемде 37-орында тұр, деп мәлімдеген.

Оның айтуынша вирус репродуктивтілігінің немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болған. Ал карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткішінің тұрақты түрде төмендегені байқалып, әзірге 2 есеге, яғни 0,82-ге дейін төмендеген.