Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды
19:35 / 2020-07-17

Соңғы ақпартқа сай қазірде Қазақстанда коронавирус расталған жағдай 66895-ке жеткен,


Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бұл жөнінде елдің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз мәслихатында мәлімдеп, «Коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтердің ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді тіркеу және ақпараттандырудың жаңа амал-әдістерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, біз КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылдадық», - деген.

Оның айтуынша, осылайша COVID-19 ауруының зертханалық тұрғыда дәлелденген жағдайлары – ПТР тест теріс нәтижелі, бірақ COVID-19 клиникалық және эпидемиологиялық белгілерімен ұқсас пневмония жағдайымен теңестіріледі.

Сoronavirus2020.kz ресми сайтындағы жарияланған соңғы ақпартқа сай қазірде Қазақстанда коронавирус расталған жағдай 66895-ке жетіп, оның 40256-сы емделіп шыққан. Ал 375 азамат аурудан көз жұмған.