Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина өндіретін зауыт құрылысы басталды
Атаулы нысанның құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млнға дейін өндіру көзделген
Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауттың құрылысын ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастап берді, деп хабарлайды «Рrimeminister.kz» сайты.
Хабарда айтылуынша, зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын болады. Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.
Сондай-ақ кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады.
Атаулы нысанның құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млнға дейін өндіру көзделген.
Қазіргі уақытта институттың 5 зертханалық базасында отандық вакциналардың 67 түрін өндіріп, оның ішінде, денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы (әлемде 7) және жоғары патогенді шошқа тұмауына қарсы (әлемде 6), ауыл шаруашылығы саласы үшін құс тұмауына қарсы (әлемде алғашқылардың бірі), бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина (әлемдік аналогтардан асып түседі). Осы жылы аусылға қарсы вакцина және 4 СОVID-19-ға қарсы вакцина әзірленуде.