French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда халықаралық әуе рейстері тағыда шектелуі мүмкін
09:13 / 2020-09-30

ҚР Денсаулық сақтау министрі елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Үкіметке бірқатар шара қабылдауды ұсынған


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін Үкіметке бірқатар шара қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Шет елдерде коронавирус инфекцияының тарауы бойынша жағдайдың күрделеніп бара жатқанын ескере отырып, инфекцияның ел ішінде таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынылады. Сонымен бірге, бүгінге дейін әуе қатынастары ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмауды, одан бөлек Түркия Республикасына рейстер санын азайтуды ұсынамыз. Екінші санатқа жататын мемлекеттерден келетін адамдарға келесі талаптарды міндеттеу керек: термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы). Анықтама болмаған жағдайда келген адамдар карантиндік стационарларда екі аптаға дейін оқшауланады», - деген Алексей Цой Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, министр дәл осы талаптарды шекаралық бекеттер арқылы елге кіретін адамдарға қолдануды сұраған.

Сoronavirus2020.kz ресми сайтындағы жарияланған соңғы ақпартқа сай қазірде Қазақстанда коронавирус расталған жағдай 107908-ге жетіп, оның 102874-і емделіп шыққан болса, бүгінге дейін 1725 азамат аурудан көз жұмған.