English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда карантин мерзімі тағы екі аптаға ұзаратын болды
12:05 / 2020-07-29

Пезидент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып карантин шараларын кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырған


Бүгін Қазақстан Пезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізіп, онда карантиндік мерзімді тағы екі аптаға ұзартуға тапсырма берген.

"Аkorda.kz" рессми сайтының хабарлауынша Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5 шілдеден бастап елдегі қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндаған. Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтап, стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген.

Сонымен қатар Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа дертке шалдығу және адам өлімі, медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасы, халықтан тест сынамасын алу деңгейі, интенсивті терапия және реанимация палаталарының қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі секілді негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердегі ахуалға жүргізілген күнделікті мониторинг жайында мәлімет берген.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысына инфрақұрылым нысандарының эпидемиологиялық ахуалға және экономикаға әсерін ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жолдарын баяндаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне шалдығушылардың және соның салдарынан болатын өлім-жітімнің көрсеткішін одан әрі төмендетудің аса маңызды екенін атап өтіп, шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырған.