Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда екі азамат коронавирус жұқтырғаны анықталды
15:34 / 2020-03-13

Қазірде Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шара қолданылып жатыр


Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабарда, «Үш айдан бері біз коронавирусқа Қазақстанда жол бермеу бойынша көп шараны іске асырған едік. Бірақ өкінішке қарай, бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін Қазақстанның екі азаматында коронавирус инфекциясы табылды. Олар Германиядан келгендер», - деді Елжан Біртанов.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл азаматтар карантиндік стационарға алынып Алматы қаласындағы инфекциялық стационарда жатқызылған. Бірінші пациент 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда келген болып, олардың кім екенін қазірге жарияламайтын болған.

Сонымен қатар 9 наурызда бірге Қазақстанға ұшқан 73 адамның кім екені анықталған және оларды да карантинге жатқызу шаралары басталған. Бірақ олар ауру адамдар емес делінген хабарда. Ал 12 күні келген екінші азаматпен 12 адам карантинге алынған, - деген Денсаулық сақтау министірі Е. Біртанов.

Қазірде Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шара қолданылып жатыр, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар.