Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанда қалааралық блок-бекеттер алынып бірқатар салалар өз жұмысын бастайды
17:24 / 2020-05-29

15 маусымынан бастап санитарлық талаптарды сақтай тұрып кинотеатрлардың да жұмысы қайта қалпына келтірілетін болады


Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, мемлекетте шектеу шараларын төмендету бойынша қосымша шешімдер қабылдаған.

ҚР Үкімет сайтындағы хабарламаға сай 2020 жылғы 1 маусымнан бастап:
  •  қалалар арасындағы блок-бекеттер алынады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер мен өңірлер әкімдіктерінің шешімі бойынша коронавирустың таралу ошағы бар аймақтарда жергілікті блок-бекеттер сақталуы мүмкін.
  •  Қазақстанның облыс орталықтары мен ірі қалаларына темір жол тасымалдары, автобуспен жолаушылар тасымалы коронавирустық талаптарды қатаң сақтай тұрып қайта жаңғыртылады.
  •  Финтес және SPA орталықтарының қызметі қайта өз жұмысын жалғастырады;
  •  Спорт және мәдениет объектілері көрерменсіз жұмыс істей бастайды.
  •  Мектепке дейінгі білім беру мекемелері, қосымша білім беру ұйымдарының (бір топта 15 баладан көп емес), ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың жұмысы жанданады.
  • 15 маусымынан бастап санитарлық талаптарды сақтай тұрып кинотеатрлардың да жұмысы қайта қалпына келтірілетін болады.
Сонымен қатар бірқатар мемлекеттердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын ескерумен, Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдарға халықаралық әуе рейстерін кезең-кезеңмен жаңғырту мәселесін пысықтауды тапсырған (І кезең аясында Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы және Әзербайжанмен; ІІ кезең аясында Біріккен Араб Әмірлігі, Германия, Түркия және Тайландпен).