Қазақстанда 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Қазірде ҚР Авиация комитеті апат болған ұшақ компаниясының қызметін уақытша тоқтатқан
2019 жыл 27 желтоқсан күні Қазақстанда орын алған ұшақ апатына байланысты қаза болғандардың рухына бағыштап Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсан күнін жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Президенті баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
Хабарда, «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады» делінген. Және осы оқиғаға байланысты Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы Жарлық шыққан.
Қазірде ҚР Авиация комитеті апат болған ұшақ компаниясының қызметін уақытша тоқтатқан.