Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан Президенттері Қырғызстандағы жағадйға байланысты бірлескен мәлімдеме жасады
Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Республикалары Президенттері Қырғыз Республикасындағы оқиғалар туралы бірлескен мәлімдеме жасады
Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан Республикалары Президенттері Қырғыз Республикасындағы оқиғалар туралы бірлескен мәлімдеме жасады.
Бауырлас Қырғыз еліндегі болып жатқан оқиғалар бізді қатты алаңдатып отыр.
Көпғасырлық ажырамас достық қатынастары, тату көршілік, мәдени және рухани құндылықтарымен байланысты жақын көрші елдер ретінде біз осынау қиын күндерде Қырғызстан халқын, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қайта қалпына келтіруге өзіне тән парасаттылық танытуға шақырамыз.
Қырғызстанның барлық саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін, Конституция мен ұлттық заңнаманы сақтай отырып туындаған мәселені шешуде қажетті күш-жігерін біріктіреді деп үміттенеміз.
Қырғызстандағы тыныштық өңірлік қауіпсіздік пен бүкіл Орталық Азиядағы орнықты дамудың маңызды факторы.
Елдеріміздің өткен жолы бір және болашағы да ортақ. Орталық Азия халықтарын келешек ұрпақтың игілігі жолындағы берік бейбітшілікке, келісім мен жасампаздыққа ұмтылысы біріктіреді.
Ортақ мақсаттарға жету жолында, мемлекеттеріміз сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды, шекаралық және өңіраралық серіктестікті кеңейту жолында аймақтық ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтуда.
Орталық Азиядағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мақсатында біз Қырғызстан халқының бірлікке, бейбітшілікке, тәуелсіз дамуға және өркендеуге деген ұмтылысын үнемі қолдаймыз.