Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай Ташкентте мерекелік шара өтті
21:10 / 2019-12-12

Бірқатар елдердің дипломатиялық миссия өкілдері мен Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары қатысты


Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы елшілігінің жаңа ғимаратында Қазақ елінің тәуелсізігіне 28 жыл толуына орай 11 желтоқсан күні мерекелік шара өтіп, онда бірқатар елдердің дипломатиялық миссия өкілдері мен Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Раматов Ачилбай қатысты.

ееееееееееееееееееееее.jpeg

Ашылу салтанатында Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды мырза сөз сөйлеп, Қазақ елінің осынау 28 жыл бойы ел болып - еңсе көтерген тарихына тұздық болар, бастан кешкен бүгінгі күнге дейінгі өткен күндерден дерек берер маңызды оқиғалар тізбегін қысша шолып, Қазақстаның әлем елдерімен дипломатиялық байланыс орнатуға септігі тиген, оны әлемге танытуда еңбегі ерең тұлғалар жайында, соның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше еңбегімен Қасым-Жомарт Кемелұлының болашаққа бастар нық қадамы жайлы айтып, сөз соңын Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» аясындағы өткен маңызды мәдени-гуманитарлық, саяси-экономикалық және түрлі саладағы үздіксіз байланыстар мен ертеден келе жатқан құдайы көрші, бауырлас Өзбек елімен арадағы қарым-қатнас жайлы түйіндеп келген қонақтарға өз алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке келген қонақтар Қазақ елінің көне дәстүрлі мәдени өмірінен шыр шертетін, ұлттық болмысын дәріптейтін елшілік құрамындағы мұражайды арлап, қазақтың қара домбырасынан төгілген күйін тыңдап, қазақтың қазанында дайындалған астан дәм татып, қазақ эстардасын жаңғыртып жүрген өнер қайраткерлерінің өнері көріп, әнін естіп мерекелік кештің сәнді өтуіне атсалысты.

a5011aaa-59d1-40e4-a7cd-6a5909ed38cd.jpeg

a66d4143-c017-471d-8234-382c8be3284c.jpeg

0278adbc-1e3f-45b6-903c-9970d1e6996d.jpeg

a4c3b4b6-f301-4b9d-b6b2-e818d6536d97.jpeg

1536b220-9bf6-43bf-8392-e648510a0a29.jpeg