Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке келді
29 қарашада Орталық Азия елдері басшыларының екінші кездесуі өтеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары Кеңесінің екінші отырысына қатысу үшін Ташкентке жетіп келді.
Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өзіне арнлған резиденцияға қарай жол алды.
29 қарашада Орталық Азия елдері басшыларының екінші кездесуі өтеді.
Онда саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы аймақтық ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударылмақ.