Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатына жаңа депутаттар тағайындалды
19:10 / 2019-08-12


Қазақстанның мемлекеттік “Қазақпарат” сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақстан Парламент Сенатында жаңа тағайындаулар болғанын хабарлайды.

Хабарда айтылуынша, “Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: 
Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед; 
Андрей Иванович Лукин; 
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева; 
Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен; 
Дана Өмірбайқызы Нұржігітова; 
Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов тағайындалды”,-делінген. 

Сондай-ақ, тағыда “Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары: 
Сергей Николаевич Громовтың; 
Георгий Владимирович Кимнің; 
Дулат Рашитұлы Қосдәулетовтің; 
Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды», деп жазылады сайт хабарламасында.