Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Президенті Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
15:24 / 2019-12-03

Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі


Бүгін 3-ші қарашада таңғы сағат 04:30 шамасында Қазақстанның Қызылорда облысы «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусы аударылып 8 адам қаза тапты.

Осы оқиғаға орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

Онда, «Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс» деп жазған Қасым-Жомарт Тоқаев.

Көңілсіз жайыттың орын алуы тасжолдың тайғақ болуынан жүргізушісі басқаруды жоғалтып, автобус аударылып кеткен. Нәтижеде 8 адам қаза болып, 21 кісі жарақат алған. Осы оқиғаға байланысты қазірде тергеу амалдары басталған.