Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Президенті ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды
11:08 / 2020-01-27

Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Президентінің баспасөз хатшысның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Хабарда айтылуынша, «Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады. Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған»,-делінген.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесетінін айтылып, ҚР Президенті Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барып, Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізбек.