Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Президенті Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Алтын жұлдыз» белгісін табыс етті
12:17 / 2019-10-30

Қазақтың халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов биыл 95 жасқа толды


Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісін табыстады,- деп хабарлайды  «ҚазАқпарат» сайты.

Хабарда айтылуынша, Қазақстан Президенті көрнекті жазушыны қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында елідегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті.

«Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстан басшысына алғыс айтып, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.

1910301135070280f.jpg