Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары Берлинде кездесті
11:31 / 2020-01-29

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің Қазақстанға сапары жоспарланған


28 қаңтар күні Берлиндегі халықаралық конференция аясында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу өткізді.

Кездесуде 2019 жылы 29 қарашада Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші консультативтік кездесуінің нәтижелері жайлы сөз айтылып, тараптар осы саммиттегі қабылданған аймақтық интеграцияны талқылаған.

Сұхбат шағында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік және достық қатынастарды одан әрі нығайтуға тараптар мүдделі екендігін жеткізген. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтің Қазақстанға жоспарланған сапары осының маңызды кезеңі болып табылады, -делінген СІМ хабарында.

СІМ басшылары 3 ақпанда Ташкентте өтетін Орталық Азияның сыртқы істер министрлері мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның қатысуында «Орталық Азия - АҚШ» форматындағы министрлер кездесуін («C5 + 1») және басқа да екіжақты және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасқан.