Қазақстан мен Өзбекстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ынтымақтастық жасайды
Өзбекстандағы АЭС Жыззақ облысының Тузкен көлі маңында салынуда
Бүгін Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған делегация кездесу өткізіп, онда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және осы салада екіжақтық ынтымақтастықты дамыту жөнін талқыланды.
Кездесуде Өзбекстандағы құрылып жатқан АЭС жобасының іске асырылуы жайлы және мемлекеттік ядролық-энергетикалық бағдарламаның жүзеге асырылуы мен ядролық инфрақұрылымды құру саласындағы халықаралық-құқықтық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат айтылып, алдағы уақытта МАГАТЭ-нің талаптарына сай Өзбекстан мен көрші елдер, соның ішінде Қазақстан аумағында Өзбекстанның АЭС нысандарының жұмысына және олардан пайдалануға қатысты қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтуі күтілуде.
Қазақстан тарапы көрші мемлекеттің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі қабылдаған шараларына оң баға беріп алдағы уақытта атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ынтымақтастық жасауды ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша осы бағытта бірлескен жұмыс жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.