Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді
13:51 / 2020-11-03

2020 жылғы 9 қарашадан бастап Қазақстан Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқартады


2 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды «Рrimeminister.kz» сайты.

Ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысының қорытындысы бойынша, мынадай шешім қабылдаған:

І. Мына азаматтар үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу:
  • ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін;
  • ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін.
Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).

II. Визасыз режим бойынша

57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту.

ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.

IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша

2020 жылғы 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.

Биылғы 2 қарашадағы жағдай бойынша ҚР көптеген өңірінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Осы жылғы 5-18 қазан аралығында елімізде вирусты жұқтырған 1272 адам анықталды, 19 қазан мен 1 қараша аралығында – 3352 адам. Тәулігіне 442 адам ауырып қалды. Өсу қарқыны 0,4%-ды, репродуктивтілік көрсеткіші 1,4-ті құрайды. Инфекциялық төсек орындары 22%-ға, реанимациялық орындар 18%-ға жүктелген.

Бір ай ішінде сырқаттанушылық деңгейінің ең жоғары өсімі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында байқалған болып, Үкімет басшысы бизнес субъектілері мен халықтың шектеу шаралары мен карантин режимін сақтауын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырған.