Қазақстан JAC автокөліктерін Өзбекстанға экспорттайды
Келісімнің жалпы құны 11,8 миллион долларды құрайды
Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауытында жасалған Қытайдың JAC S3 және JAC S5 жолталғамас автокөліктері алдағы уақытта Өзбекстанға экспортталады.
«KazakhЕxport-тың» хабарлауынша Қазақстан тарапы 766 дана жалпы құны 11,8 миллион долларды құрайтын JAC көліктерін сату жөнінде компанияның экспорттық-сақтандыру төрағасы Руслан Исаков пен «Узавтосаноат» АҚ төрағасы Шавкат Умурзаков келісімге қол қойған. Келісімде автокөлік экспортынан бөлек «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «UzAuto Motors» арасында автомобиль жиынтықтарын жеткізу туралыда келісім жасалған.
Құжатты рәсімдеу салтанаты Chevrolet моделдерінің таныстырылымында өтіп, онда Қазақстан Премьер-министірі Асқар Маминде қатысқан.
Қазірде «СарыАрқаАвтоПром» ЖШС зауытында JAC маркалы автокөліктерінен басқа SsangYong, Peugeot, Toyota, Hyundai маркалы автокөліктер шығады.