Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан Елшісі «Олий Мажлис»Сенаты өкілімен кездесу өткізді
15:20 / 2020-03-06

Өткен айдың соңында Хорезм жерінде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екінші өңіраралық ынтымақтастық форумы өткен еді


Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Сенатының Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм жөніндегі комитетінің төрағасы Равшанбек Алимовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды елшілік «Facebook» парақшасында.

Осы кездесу барысында тараптар достық пен өзара сыйластыққа негізделген бауырлас екі елдің арасындағы ынтымақтастығының қарқынды дамуын талқылап, стратегиялық іс-қимылдың маңызды аспектілерінің бірі ретінде қос елдің заң шығарушы органдары арасындағы диалогты кеңейту жөнінде Қазақстан мен Өзбекстанның парламентшілерінің өзара сапарларын ұйымдастырудың маңыздылығын тілге алды.

Сондай-ақ, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, өңіраралық ынтымақтастықты тереңдету мен қатар осы бағыттарда бірлескен жобаларды жүзеге асырудың үлкен перспективалары бар екенін жайлы пікір алмасқан.

Кездесу соңында елші Дархан Амангелдіұлы «Олий Мажлис» Сенат өкілі Равшанбек Алимовқа қазақи нақышта оюмен өрнектеліп «Алтын адам» бейнесі таспаланған естелікті сыйға тартқан.

Еске сала кетсек, өткен айдың соңында Хорезмде өткен Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екінші өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп, онда бірнеше маңызды келісімдерге қол қойылған еді.