Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстан бақыттылық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте жоғарылады
13:53 / 2020-08-17

Қазақстан 2020 жылы бақыттылық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте (World Happiness Report) 10 орынға көтеріліп, 153 елдің арасында 50-інші орынға тұрақтады


Қазақстан 2020 жылы бақыттылық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте (World Happiness Report) 10 орынға көтеріліп, 153 елдің арасында 50-інші орынға тұрақтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Онда айтылуынша, Қазақстан бақыттылық деңгейі бойынша Еуразия экономикалық одағының елдерін, соның ішінде Ресейді басып озып, рейтингтің 50-ші позициясына орналасты. Сондай-ақ Қазақстанда ер адамдар әйелдерге қарағанда өздерін бақыттырақ сезінетіні анықталды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жыл сайын «Халықтың өмір сапасы» тақырыбында халық арасында сауалнама өткізеді. Ішінара жүргізілген зерттеуге сәйкес, респонденттердің 63,5% өз өміріне қанағаттанады. Бұл ретте, ауыл тұрғындары (72,6%) қалада тұратын (58,4%) қазақстандықтарға қарағанда өз өмірлеріне анағұрлым риза. Онымен бір мезгілде, сұрақтарға жауап бергендер арасында тағдырына қанағат еткен ер адамдар (61,8%) әйелдерге қарағанда (58,5%) көп болып шыққан.

Осы жағдай 2019 жылы респонденттердің 60% өмірлерінің сапасына риза болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 56,5% көрсеткен екен.

Бақыттылық деңгейі бойынша әлемдік рейтинг – бұл әлем елдері халқының бақытты болу көрсеткішін анықтайтын халықаралық зерттеу жобасы. Оны құру барысында халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, азаматтық бостандықтардың болуы, қауіпсіздікті сезіну және ертеңгі күнге деген сенім деңгейі, отбасылық тұрақтылық, жұмыспен қамту кепілдігі, жемқорлық көрсеткіші, сондай-ақ сенімдлік, кеңпейілділік, жомарттық сынды қоғамның жанама қасиеттері назарға алынады.

Осы түрғыдан алғанда Қазақстан 2020 жылы бақыттылық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте (World Happiness Report) 10 орынға көтеріліп, 153 елдің арасында 50-інші орынға тұрақтады. Бұл ретте, ЕАЭО елдері арасында Қазақстан бірінші орын алып отыр. Одан кейін Ресей (73-орын), Қырғызстан (74-орын), Беларусь (75-орын), Армения (116-орын) орналасқан.

Биылғы рейтингтің басында бұған дейінгі жылдардағы сынды Финляндия мемлекеті тұр. Үздік ондық қатарына: Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланды, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия және Люксембург енген.

Статистикаға сәйкес, өздерін бақытсыз санайтын халық Зимбабве, Оңтүстік Судан және Ауғанстанда тұрады.